Абай облысында тазалық мәселесі өзекті

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Былтыр Абай облысында 350 мың адам «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Соған қарамастан өңірде ластанған аумақтар әлі де бар.

Семей тұрғындары қоқыстың уақытылы шығарылмайтынын айтады.

Татьяна Лавреева 5 жылдан бері Семейдегі 1-ші шағын ауданда тұрады. Мұндағы контейнерлердің бір бөлігі қоқысқа лық толған, ал кейбір жәшіктер босатылғанымен айналасына шашылған қалдықты ешкім жинамаған.

Татьяна Лавреева, қала тұрғыны:

- Контейнерлер толып тұрады. Сосын қоятын жер жоқ, амалсыз жанына қойып жүрміз. Келіп, контейнерді тиеп кетеді, ал айналасы сол күйі қалады. Бұралқы ит көп. Олар осында келіп қорек табады.

Қала мен ауылдардың тазалығын сақтауға республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы тың серпін берді. Былтырдың өзінде Абай облысы бойынша 19 сенбілік өтті. Белсенділердің күшімен 52 мың тонна қоқыс жиналды.

Бекболат Мұратов, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

- Халықтың мәдениетін көтеру мақсатында конкурстар өткізу, яғни биыл үлкен іс шаралардың бірі Үлгілі ауыл конкурсы өткізілді. «Таза Қазақстан» телеграм чат-боты 2024 жылдан бастап іске қосылды. Яғни ол халықтың наразылығын чат-бот арқылы жіберіп, өтінімдер жолдау арқылы сол жерден қабылдап орындаушыларға жолданады.

Екі жыл ішінде платформаға облыс тұрғындарынан 903 өтініш түскен. Дегенмен семейліктер бұл байланыс тәсілі туралы біле бермейді.

Табиғи ресурстар басқармасының мамандары жақын уақытта чат-боттың жұмысы туралы насихатты күшейтетінін айтты. Тұрғындардың кері байланысы елді мекендердегі тазалық пен абаттандыру мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретініне сенімді.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью