Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Анықталғандай, облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдары есептеуді орман қорының ескірген ставкалары бойынша жүргізген, бұл өтемақы сомасының төмен көрсетілуіне әкелген.
Прокуратураның араласуынан кейін есептеу әдістемесі қайта қаралды. Бұрын зиян мөлшері ағаш көлеміне қарай есептелсе, қазіргі уақытта есептеу кезінде ағаштың түрі мен жасы ескеріледі. Нәтижесінде жасыл желектерді заңсыз жою үшін белгіленген ставкалар едәуір ұлғайтылды.
Прокурорлық ықпал ету актісі бойынша жасыл желектерді отырғызу, күтіп-ұстау және қорғау қағидалары қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді, ал зиянды есептеу жаңартылған ставкалар бойынша жүргізілуде. Абай облысының прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға және жасыл желектерге ұқыпты қарауға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында прокуратура бизнеске қатысты 60 заңсыз тексеруді тоқтатқан болатын.