Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Абай облысында "Агробизнес" жобасы аясында фермер жеңілдетілген кредитті заңсыз жұмсаған, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Ықыбай" шаруа қожалығының басшысы жалған құжаттарды пайдаланып, ірі қара мал сатып алу үшін жалпы сомасы 250 миллион теңгеден астам екі кредит алған.
"Алайда алынған қаражат мал шаруашылығын дамытуға емес, жеке мақсаттарға жұмсалған. Құжаттарда кепіл ретінде көрсетілген мүлік пен мал іс жүзінде сатып алынбаған. Мемлекетке келтірілген залал – 211 млн теңге", - дейді агенттік.
Тергеу барысында күдікті залалды толық өтеген. Оған қатысты елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кетері, "Агробизнес" жобасы фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталған. Жоба аясында мал шаруашылығын және агробизнесті дамыту үшін жеңілдетілген кредит беріледі.