Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Абай облысының Аягөз ауданындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитарлар ерекше күтімді қажет ететін балаларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық соққы көрсетіп келген.
Жетім әрі дәрменсіз тәрбиеленушілерге жасалған 100-ден астам зорлық-зомбылық фактісін облыстық прокуратура жүргізген тексеріс барысында әшкереледі.
Тексеру кезінде заңсыз әрекеттердің басқа қызметкерлердің де көз алдында жасалғаны белгілі болды. Бұл қызметкерлер қатыгездікті көре тұра, оның жолын кесуге ешқандай шара қолданбаған және құзырлы органдарға хабарламаған.
Аталған сұмдық факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 140-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңбұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғалар қызметінен уақытша шеттетіліп, олардың тәрбиеленушілермен қарым-қатынас жасауына тыйым салынды.
Қазіргі уақытта Абай облысының басқа да Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органы тергеу аяқталған соң кінәлілердің жауапқа тартылатынын хабарлады.
Бүгін, 18:09