Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Ашық дереккөз
Аягөз қаласындағы көшелердің бірінде көлік қозғалысына рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 шақырым болғанына қарамастан, автоматты тіркеу кешенінің баптауларында шекті жылдамдық 40 км/сағ ретінде қате белгіленгені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған қаулылардың барлығының күші жойылып, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды.
Түркістанда айыппұлға ашуланған ер адамдар бейнекамераларды сындырған
Қазіргі таңда көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қаражаттарды қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
«Абай облысының прокуратурасы азаматтарға әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілері анықталған жағдайда, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе прокуратура органдарына жүгінуге құқылы екенін түсіндіреді», делінген ақпаратта.