Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Көршілес өңірге көмек ретінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің авиациясына қарасты тікұшақ Абай облысындағы ірі табиғи өртті сөндіру жұмыстарына жіберілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 600 жуық адам, 148-ден астам техника және 7 тікұшақ жұмылдырылған. Әуе техникасы өрт ошақтарына аэровизуалды барлау жүргізіп, су төгуде
Шығыс Қазақстан облысы авиациясының жұмылдырылуы төтенше жағдайды жедел жою және өрттің елді мекендерге таралуына жол бермеу мақсатындағы өңіраралық өзара іс-қимыл аясында жүзеге асырылып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.