Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Абай облысында көліктердің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы жол апаты Семей - Курчатов тасжолында болған. Облыстық ТЖД қаза тапқандар арасында ведомство қызметкерлері бар екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті төрт адамның өмірін қиған жол апатына қатысты ақпарат берді. Олардың екеуі ведомство қызметкері екені белгілі болды.
"2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:30 шамасында департаментке жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат түсті. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде Абай облысы ТЖД-ның екі қызметкері бар. Жеке құрам мен басшылық қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл ауыр трагедия және орны толмас қаза", - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Ведомство департамент қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатқанын және алдағы уақытта да көрсететінін нақтылады.
Қазіргі уақытта болған жайтқа байланысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне объективті баға беріледі.
Айта кетейік, Абай облысында көліктер бетпе-бет соқтығысуы салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар мерт болды.
Бұған дейін Абай облыстық полициясы жол апатының 26 тамызда сағат 15:30 шамасында Chevrolet Nexia және Kia Rio маркалы екі автокөліктің қатысуымен болғанын хабарлаған еді. Көліктер Семей - Курчатов тасжолының 35-шақырымында соқтығысқан.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу