Абай облысының әкімі Берік Уәли: Жыл соңына дейін сапалы ауызсумен 38 мың адам қамтылмақ

11.11.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Абай облысының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту үшін 33 жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли айтты, – деп хабарлайды  Аikyn.kz

Оның айтуынша, Абай облысына биыл барлық қаржыландыру көзі есебінен 16,7 млрд теңге, оның ішінде арнаулы мемлекеттік қор есебінен 10,1 млрд теңге бөлінді.

– Аталған қаражатқа жыл соңына дейін 33 жоба жүзеге асырылып, ауызсумен 38 мың адам қамтылады. Нәтижесінде облыстың сумен қамту мәселесі толық шешімін табады. Оған қоса, су желілерінің тозуын азайту мақсатында биыл 4 жоба аяқталып, тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендетіледі. Келесі жылы 24 су желілерін қайта құру жобаларын іске асыру жоспарланып отыр», - деді Абай облысының әкімі Берік Уәли.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью