24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Абай облысының шалғай елді мекендерінің тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізу мәселесін көтеріп отыр.
Бұл талап-тілектерін олар Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновпен өткен кездесуде жеткізді. Жиын Таскескен ауылында ұйымдастырылды. Онда жергілікті халық таза ауыз сумен қамту, баспана кезегінде тұрған азаматтарға үй беру, жолдарды жөндеу және кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін көтерді. Ауыл халқы интернет сапасының төмендігіне айрықша алаңдап отыр. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов барлық ұсыныс пен өтініш назарға алынатынын айтып, депутаттар интернет сапасын арттыру мәселесімен айналысып жатқанын жеткізді.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Елді мекендерде әсіресе шалғайдағы ауылдарда жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге байланысты Парламент Мәжілісінде заң талқыланып жатыр. Ол заң қабылданғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Яғни Қазақстан бойынша 3 мыңнан аса елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.