Абай облысының тұрғыны ЖОО ға түсіруге уәде беріп, 2,5 млн теңгені иемденген

06.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Полицияға Жаңасемей ауданының 41 жастағы тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызданған. Оның айтуынша, белгісіз жас жігіт биыл мамыр айында оның 18 жастағы ұлының университетке түсуіне көмек көрсетемін деп сенімін пайдаланып, 2 500 000 теңге көлемінде ақшасын жымқырған. 

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Семей қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

— Қазіргі таңда оған қатысты алаяқтық бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктіге процессуалдық құқықтары түсіндіріліп, келу міндеттемесі алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарға университетке түсу, жұмысқа орналасу немесе құжаттарды рәсімдеу бойынша «көмек» көрсету туралы уәделерге, әсіресе бейтаныс адамдардың сөзіне сенбеуге шақырады.

Бұған дейін Алматыда мемлекеттік мүлікке қатысты алаяқтық схеманы ұйымдастырғандар сотталғаны мәлім болды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью