Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Жәрмеңкеде 842 авторлық туынды, оның ішінде 772 сәндік-қолданбалы өнер бұйымы мен 70 кескіндеме туындысы көпшілікке ұсынылды. Экспозицияға өңірдің қолөнершілері, суретшілері мен дизайнерлерінің киізден, ағаштан және былғарыдан жасалған бұйымдары, ұлттық және заманауи киім үлгілері, зергерлік әшекейлер, ұлттық музыкалық аспаптар, интерьер заттары мен кәдесыйлар қойылды. Өңірдің гастрономиялық брендтері, атап айтқанда ұлттық тәттілер де таныстырылды.
Жәрмеңке аясында Абай музейі мен кітапханасы, сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған көрмеде келушілер өңірдің тарихы және мәдени мұрасымен танысты.
Abai IT Valley алаңында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы тың жобалар көрсетілді.
Екі күнге созылған жәрмеңкеге 1 500-ге жуық елорда тұрғыны мен қонағы барды. Бұл күндері Абай облысының қолөнершілері мен креативті индустрия өкілдері 4,8 млн теңгеден астам өнімді сатты.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан Creative Aimaq республикалықа жобасы креативті индустрияларды дамытуға, өңірлердің мәдени әлеуетін танытуға, отандық авторларды қолдауға және шығармашылық кәсіпкерліктің дамуына бағытталады.