Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Өзбекстан Қорғаныс министрлігі жарысты аты аңызға айналған қолбасшы Әмір Темірдің 690 жылдығына арнады. Құрлық әскерлері институтының базасында өткен жарыстарға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысты.
Фото: Қорғаныс министрлігіСайыста белтемірге тартылу, АК-74 автоматын шашып-құрастыру бойынша нормативтерді, бірыңғай кедергілер жолағында бақылау жаттығуын орындады, мылтық ату және алғашқы медициналық көмек көрсетуде дағдыларын паш етті. Шығармашылық кезеңде олар өздерінің жан-жақты таланттары мен қабілеттерін паш етті.
Фото: Қорғаныс министрлігіЖалпы командалық есепте жеті елдің ішінен бірінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленді. Қазақстан командасы екінші орын еншіледі. Үшіншіні Қырғызстан мен Беларусь елінен келген жас патриоттар өзара бөлісті.
Фото: Қорғаныс министрлігі— Жастарымыздың бұл жетістігі «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының және халықаралық мәртебеге ие болған «Айбын» жастар жиынының дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұл сайысқа деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Қатысушы елдердің көбейіп келе жатқаны оған дәлел. Ұдайы жаттығулар мен бәсекелестік тәжірибе біздің командаға Өзбекстан жерінде де нәтижелі өнер көрсетуге ықпал етті, — деді Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.
«Абай қырандары» клубының тәрбиеленушілері әскери-қолданбалы эстафетада, арқан тартыста және шығармашылық байқауда үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, олар мылтық ату, белтемірге тартылу, АК-74 автоматын шашып-құрастыру жарыстарында екінші орын алды. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде үшінші орынға тұрақтады.
Ел намысын қорғаған команда құрамында 14 оқушы болды. Жарысқа дайындық Семей қаласының 44793 әскери бөлімінде өткізілді.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру, медкомиссия және кейінге қалдыру тәртібін түсіндірді.