Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ғылыми кеңесте ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жиынға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, әр өңірден келген ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты.
Жиынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев ашып, оқу ордасында Абайдың 180 жылдығына орай өткен ғылыми, мәдени және ағартушылық іс-шаралардың қорытындысы туралы ақпарат берді. Ж.Түймебаев атап өткендей, университеттегі маңызды іс-шараларды Абай ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары іске асырды.
«Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс.Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек», деп атап өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Абайдың кісілік кодексі» және «Абай ілімі» оқу пәндері әзірленіп, білім беру процесіне енгізілді. Университет ғалымдары әзірлеген «Абайдың кісілік кодексі» оқу корпустары мен жатақханаларға ілінді. Бұл ауқымды бастаманы басқа ЖОО-лар мен мектептерде жүзеге асыруды ұсынамыз. «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» сериялық басылымының 1-50 томдары, «Абайтану антологиясы» сериялық басылымының 1-10 томдары жарық көрді, сондай-ақ «Абайтану антологиясы» атты цифрлық форматтағы интеллектуалдық электрондық ресурстар базасы қалыптастырылды. Аталған жұмыстарды ҚазҰУ базасындағы сырды», деді ректор.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова елде 727 мыңнан астам студент білім алып жатқанын айта келе, Абай философиясының маңызын атап өтті.
«Еліміздегі 127 жоғары оқу орнында 727 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Университеттің ең бірінші мақсаты – азаматты қалыптастыру, Абайдың философиясына сәйкес,«толық адамды» тәрбиелеу. Мектеп қабырғасында оқушының бойында адал азаматтың принциптері қалыптасады. Ал университетке түсіп, қолына заңды дипломын алған кезде толық адам болып, үлкен өмірге қадам басады. Осы тұрғыда Абайдың философиясы өте маңызды», деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова.
Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Абай шығармашылығын қазіргі заман талаптарына сай зерделеу, оның философиялық, этикалық және қоғамдық ойларын білім беру үдерісіне енгізудің маңызына тоқталса, Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Махан ҚазҰУ базасында дайындалған «Абайдың кісілік кодексінде» ойшылдың терең мазмұнды сөздері жинақталғанын атап өтті.
«Абайдың кісілік кодексі студент жастар ғана емес, оқушылардың да санасына орнығуы маңызды. Дегенмен, жас ұрпақтың Абайды толық түсіну үшін қазақ тілінің қолданыс аясының кең болуы шарт. Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қолданыс аясын цифрлық кеңістікте дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан уикипедияны қазақ тіліндегі танымдық мақалалармен толтыру үдерісін ұйымдастыру бойынша «Үйлестіру кеңесі» құрылды. Министрліктің ақпаратына сәйкес былтыр Уикипедияға қазақ тілінде 3000-нан астам жаңа мақала орналастырылған. Бұл жұмысқа еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары атсалысып жатыр», деді Ғ.Махан.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Абайдың жауапкершілік, еңбек адамы туралы ой-толғамдары әділетті Қазақстан тұжырымдамасымен толық үндесетінін жеткізді. Айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Абай мұрасы – бағасы өлшеусіз рухани қазына. Оны сақтау мен дамыту – баршамыздың ортақ міндетіміз», деген еді. Осы мақсатта Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын Алматы қаласында лайықты деңгейде атап өту үшін әкімдік тарапынан философиялық-рухани, мәдени-ағартушылық, тәрбие бағыттарын қамтыған кешенді жоспар іске асырылды. Түрлі ғылыми конференциялар, форумдар, семинарлар өтті.
Шарада Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғалым Жанғара Дәдебаев институттың атқарған жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
Ғылыми кеңесте университетте әзірленген «Абайтану антологиясы» электронды зияткерлік ресурстар базасы, «Абай ілімі» оқу пәні, Абайдың кісілік кодексі мен Абай таксономиясы ҚазҰУ-дың зияткерлік меншігі ретінде бекітілді. «Абай ілімі» оқу пәні университеттің жоғары білім беру бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер циклы бойынша таңдау компоненті ретінде қабылданды. Сонымен қатар Абайдың кісілік кодексі мен Абай ілімі Қазақстанның ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен құндылықтарын іске асырудың инновациялық құралы ретінде айқындалып, оларды білім берудің барлық деңгейінде, мәдени-ағартушылық және қоғамдық кеңістіктерде кеңінен пайдалану жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билікке ұсыныстар жолданды.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Саясат • Кеше
Эльвира Азимова: Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады
Қоғам • Кеше
Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға
Қоғам • Кеше
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
Қоғам • Кеше
Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
Оқиға • Кеше
Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?
Елорда • Кеше
Нұрай ісі: Жұмыстан шығарылған полицей өз нұсқасын ұсынды
Қоғам • Кеше
Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты
Спорт • Кеше
Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған
Аймақтар • Кеше
Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды
Заң мен Тәртіп • Кеше
МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ата заң • Кеше
Жаңаөзенде электр станциясы жаңғыртылады: Инвесторлар қандай жоба ұсынды?
Аймақтар • Кеше