Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
— Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жаркент мешіті мен Вознесенск соборын біріктіретін номинация, Қаратау жотасындағы петроглифтерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бағытында тиісті жұмыстар атқарылады.
ЮНЕСКО қағидаларына сай 2026-27 жылдары номинациялық құжаттама жасалып, одан кейінгі жылдары нақты шешім қабылданады, — деді вице-премьер.
Министр «Ұлттық цифрлық мұра» жобасын іске асыру бастамасы жанданатынын айтты.
— «Абайдың қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне енгізу үшін тиісті құжаттар сараптамалық бағалауға жолданды.
«Ұлттық цифрлық мұра» жобасы Қазақстанның тарихи, мәдени және ғылыми мұрасын сақтау, жүйелеу және таныстыруға арналған бірыңғай ұлттық цифрлық платформа құру ретінде қарастырылып отыр.
Жобаны іске асыру барысы ерекше бақылауда болады, — деді Аида Балаева.
Еске салсақ, кеше Ұлттық құрылтайдың ақырғы отырысы өтіп, мәдениет пен руханият саласында тың ұсыныстар айтылған болатын.