Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Әлеуметтік желіде жүк тасымалдауға қатысты кезекті дау туындады. Алматы әуежайының жолаушысы қызметкерлердің ескерту таңбасы бар шабаданын ұқыпсыз тиеп жатқанын бейнетаспаға түсіріп алған. Tengri Travel әуежай әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты қандай жауап бергенін анықтады.
Әлеуметтік желіде жүк тасымалдауға қатысты кезекті дау туындады. Алматы әуежайының жолаушысы қызметкерлердің ескерту таңбасы бар шабаданын ұқыпсыз тиеп жатқанын бейнетаспаға түсіріп алған. Tengri Travel әуежай әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты қандай жауап бергенін анықтады.
Не болды?Жолаушылардың бірі видеоны Threads-де жариялады. Автор бұл сәтті Алматы әуежайында түсіргенін айтады.
Бейнежазбадан әуежай қызметкерлерінің шабадандарды тиеу кезінде қалай қозғап жатқанын көруге болады. Жолаушының айтуынша, шабадандардың бірінде "абайлаңыз, сынғыш зат" деген белгі болған.
Видео желіде тез тарап, жүкпен жұмыс істеу сапасына қатысты сұрақтар туғызды.
Әуежай өкілдері не дейді?"Қазір бәрі шабаданына "шыны" деген жапсырма жабыстыратын болған, сондықтан оларға ешкім мән бермейтін сияқты", "Автор файлдың түпнұсқасын қоса беріп, арыз жазуы керек. Кем дегенде тәртіптік жазаға тартқызу қажет", "Адамдар шабаданды тегін алмайтынымызды түсінбейді", "Бір жылдың ішінде 10-нан астам шабаданымды сындырды. Бір апта бұрын Мальдив аралынан келдім. Бара жатқанда бір дөңгелегін, қайтар жолда екіншісін сындырыпты", - деп жазды желі қолданушылары.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі бұл видео бойынша ішкі тексеру жүргізілгенін хабарлады. Тексеру нәтижесінде жүкке тиісті деңгейде қаралмағаны расталды.
"Аталған видео бойынша жүргізілген ішкі тексеру нәтижесінде жүкті тиісінше тиемеу фактісі расталды. Бұл жағдай компанияның ішкі рәсімдеріне сәйкес қаралды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Әуежай әкімшілігі жүк тасушылардың бұл әрекетін түсіндіруге тырысты.
"Жүкті тиеу көбінесе жоғары операциялық жүктеме жағдайында, әсіресе қарбалас кезеңдерде жүзеге асырылады. Соған қарамастан, мұндай жағдайлар қызмет көрсету сапасына және кәсіби стандарттардың сақталуына әсер етпеуі тиіс", - деп мәлімдеді әуе айлағының өкілдері.
Бұл оқиғадан кейін жүкті тиеу процесіне бақылауды күшейтуге уәде берілді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу