Абу Дабиде Иран жіберген зымыраннан бір адам қаза тапты

28.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Абу-Дабиде ирандық баллистикалық ракеталарды атып түсіру барысында бір адам қаза тапты. Бұл туралы БАӘ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, WAM мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, зениттік-ракеталық қорғаныс құралдары Иран аумағынан атылған бірнеше ракеталарды жойған. Нәтижесінде жерге құлаған зымыранның бөлшектері ел астанасының ауласында жүрген азиялық ұлттан шыққан бір адамға зиянын тигізіп,көз жұмыды бұған қоса мүліктің де де бүлінгені белгілі болды. 

БАӘ Қорғаныс министрлігі шабуылды қатты айыптап, азаматтық нысандар мен ұлттық мекемелерге жасалған соққылардың қауіпті эскалация мен бейбіт халықтың қауіпсіздігіне төнген қауіп екенін атап өтті.

Мәлімдемеде Иранның әрекеті «ұлттық егемендік пен халықаралық құқықты ашық бұзу» ретінде қарастырылатыны айтылған. БАӘ билігі өздерінің осы эскалацияға жауап қайтару және өз аумағын қорғау үшін қажет шараларды қабылдауға толық құқылы екенін атап өтті, олар кез-келген қауіптерге қарсы тұруға дайын екенін мәлімдеді.

Осы уақытта Абу-Даби мен Дубай қалаларында тағы да жарылыс болғаны хабардың келгені айтылған.  Бұған дейін астананың үстіндегі әуе кеңістігі атыстарға байланысты жабылды. Жарылыстар туралы жаңа оқиғалар туралы ресми ақпараттар жоқ. Сондай-ақ, Дубайдағы Бурдж Халифа танымал зәулім ғимаратынан адамдар эвакуацияланғаны хабарланды.

Айта кетейік, Израиль бүгін Тегеранға «превентивтік соққы» жасады. Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.

Осы жағдайға байланысты әуе кеңістігі жабылғаннан кейін ұшақтар Иранды айналып өтуге мәжбүр болды.

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан ұшып шыққан ұшақтар кері оралатыны белгілі болды.

Иран Израильге қарымта жауап ретінде бірнеше зымыран жіберді.

Артынша Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранға қарсы Израиль мен АҚШ-тың бірлескен операциясы екенін мәлімдеді.

Ал Қазақстанның СІМ Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью