Абзал Әжғалиев: Соңғы сәтке дейін күресеміз

10.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Милан мұз аренасында Яна Хан, Ольга Тихонова, Денис Никиша және Абзал Әжғалиев ел намысын қорғады.

Ұлттық құрама спортшысы Абзал Әжғалиев алғашқы күнді қортындылап, алда әлі тартысқа толы бәске күтіп тұрғанын еске салды.

- Бүгін біз үшін алғашқы жарыс күні. Менің ойымша, бұл бізге тартысқа толы бәсеке алдындағы шағын тест болды. Додада өнер көрсетуімізді жалғастырамыз, жекелей сында жарыстарымыз бар. Сол себепті бар күшімізді салып, соңына дейін күресеміз, - деді ол.

Әжғалиев Олимпиадағы шорт-трек спортының деңгейі өте жоғары екенін жасырмады.

- Өздеріңіз байқағандай, бәсеке өте тартысты болды. Қазіргі уақытта Еуропа және Азия елдерінің спортшыларының деңгейі жоғары, командалық жарыста қиындау болды,- деді спортшы.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы аралас эстафетада жартылай финалға жолдама ала алмады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью