ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Кездесу АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бостон қаласында өтеді.  Ойын Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Жеңімпаз команда жартылай финалда Испания мен Бельгия құрамалары арасындағы кездесудің үздігімен доп тебеді. 

Плей-офф кезеңінде Франция құрамасы Швецияны (3:0) және Парагвайды (1:0) жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Ал Марокко құрамасы Нидерландыны негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтты. Кейін 1/8 финалда Канаданы 3:0 есебімен ітізе бүктірді.

Айта кетейік, Франция мен Марокко құрамалары 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында да кездескен болатын. Ол ойында Франция 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью