Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қарсыластар F тобының екінші турында кездесті. Ойын Мексиканың Монтеррей қаласына жақын орналасқан Гуадалупедегі «BBVA» стадионында өтті.
Команданың шабуылшысы Аясэ Уэда 31 және 83-ші минуттарда дубль авторы атанса, жартылай қорғаушы Даити Камада 4-ші минутта, ал шабуылшы Дзюня Ито 69-шы минутта гол соқты.
Тунис құрамасы матч бойы небәрі екі соққы жасап, бірде-бір рет қақпаға дәл бағыттай алмады. Бұл ойын Тунис құрамасының жаңа бас бапкері, франциялық Эрве Ренар үшін алғашқы матч болды. Ол бірінші турдан кейін қызметінен босатылған отандасы Сабри Лямушидің орнына тағайындалған.
Екі турдан кейін бірде-бір ұпай жинай алмаған Тунис құрамасы топ кестесінің соңында тұр. Ал төрт ұпайы бар Жапония көрсеткіштер бойынша Нидерланд құрамасынан қалып, екінші орында келеді. Үш ұпаймен Швеция құрамасы үшінші сатыда орналасқан.
Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан үздік екі команда жолдама алады. Сонымен қатар, үшінші орын алған құрамалар арасындағы ең үздік сегіз команда да 1/16 финалға шығады.