Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы, ең алдымен, жас ұрпақтың қандай құндылықтармен тәрбиеленетініне байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту, оны заманауи талаптарға бейімдеу аса маңызды. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – өскелең ұрпақты жауапты, заңға құрметпен қарайтын әрі саналы азамат етіп қалыптастыруға бағытталған кешенді жоба.
Бағдарлама аясында республика мектептерінде қауіпсіздік сабақтарын өткізу ерекше мәнге ие. Сабақ барысында оқушылар түрлі өмірлік жағдайларды талдап, заң талаптарын түсініп, өз құқықтары мен міндеттерін меңгереді. Киберқауіпсіздік, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, ақпаратты саралай білу – мұның барлығы жасөспірімнің саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Ашық пікір алмасу мен талқылау арқылы олар өз көзқарасын дәлелдеуге, өзгелердің пікіріне құрметпен қарауға дағдыланады. Бұл дағдылардың маңызы, әсіресе, ел өміріндегі маңызды саяси кезеңдерде айқын көрінеді.
Республикалық референдум – халықтың өз тағдырын өзі айқындау құқығын жүзеге асыратын маңызды жолы. Мұндай сәтте әр азаматтың саналы таңдауы мемлекет болашағына тікелей әсер етеді. Ал саналы таңдау жасау құқықтық сауаттылықты, сыни ойлауды және жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы
Бүгінгі мектеп оқушысы – ертең ел тағдырын шешуге қатысатын азамат. Егер ол мектеп қабырғасынан бастап заңды құрметтеуді, әділдікті бағалауды және өз әрекетіне жауап беруді үйренсе, болашақта референдум сияқты маңызды қоғамдық үдерістерге белсенді әрі жауапкершілікпен қатысады.
Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы
Сондықтан «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы қауіпсіздік сабақтары – тек тәрбиелік шара ғана емес, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды нығайтудың берік негізі. Саналы, жауапты және белсенді ұрпақ қалыптастыру – елдің тұрақты дамуының кепілі.
А. Жунусова,
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
«№ 19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры
Соңғы жаңалықтар
«Адал азамат» бағдарламасы: Оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін меңгереді
Референдум • Бүгін, 17:59
Асу Алмабаев UFC рейтингінде төмендеді
Спорт • Бүгін, 17:50
Конституциялық қағидалардың әлеуметке әсері қандай?
Ата заң • Бүгін, 17:43
Қазақстандағы ең «қымбат» әкімдер кімдер?
Қоғам • Бүгін, 17:39
Қазақстанда алғаш рет өңірлік білім беру – өндірістік кластері іске қосылды
Туризм • Бүгін, 17:36
Щучинсктегі жарылыстан қайтыс болғандар саны тоғызға жетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:30
Мұхтар Төлеген: Ата заң – әділетті қоғамның берік тұғыры
Ата заң • Бүгін, 17:28
Мәулен Әшімбаев алдағы референдумды еліміздің тұрақты дамуының іргетасы деп атады
Ата заң • Бүгін, 17:18
Алматыда бірнеше қоғамдық көлік бағытында төлем тәртібі өзгереді
Алматы • Бүгін, 17:15
Сенат төрағасы Жетісу фермерлерімен жаңа Конституцияны талқылады
Референдум • Бүгін, 17:10
Алматы облысында кісі өлтіру дерегі 19 жылдан кейін ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:09
Мәулен Әшімбаев: Конституциялық реформаның басым міндеті – азаматтардың әл-ауқатын арттыру
Ата заң • Бүгін, 17:08
Президент Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:43
Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи нысан зақымданды
Әлем • Бүгін, 16:22
Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 16:17