Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазіргі жастарды белсенді азаматтық ұстанымға, кәсіби және жеке дамуға ынталандыру маңызды. Бұл туралы Президент іс басқармасы жанындағы Президенттік орталықта өткен панельдік пікірталаста айтылды. Іс-шараға Астана мен Алматы қаласы жоғары оқу орындарының шамамен 60 студенті қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар зияткерлік әлеует, оның қоғамдағы рөлі мен қазіргі заман талаптарына сай жастардың даму бағыттары жөнінде жан-жақты пікір алмасты. Басқосуда Орталық директоры Бақытжан Темірболат қабылданған жаңа Конституцияда адам капиталы ең басты құндылық ретінде айқындалғанын атап өтті.
«Кездесу еліміздің саяси дамуының маңызды кезеңінде өтіп отыр. Жаңа Конституцияның басты қағидатының бірі – азаматтың, оның құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, сондықтан адам капиталы еліміздің басты байлығы болып жарияланды. Бүгінде білім, құзырет, инновациялық ойлау және белсенді азаматтық ұстаным – прогрестің негізгі қозғаушы күші. Бұл – студент жастар үшін айрықша маңызды», деген ол елдің болашақ кадрына үлкен жауапкершілік жүктелетінін жеткізді.
Б.Темірболаттың айтуынша, бүгінгі жастар – ертеңгі білікті мамандар, ғалым, инженер, педагог пен дәрігер ретінде мемлекеттің зияткерлік әрі кәсіби негізін қалыптастырады. Осылайша, Орталық директоры отандастарымызды жан-жақты дамуға, білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, ел игілігі жолында қызмет етуге шақырды.
Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, бүгінде елімізде 14 пен 35 жас аралығындағы шамамен 6 миллион жас бар. Бұл – жалпы халық санының 28 пайызы. Демек, жастар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады.
Басқосуда Мәжіліс депутаты Никита Шаталов адам капиталына салынған инвестицияны елдің болашағына жасалған инвестиция ретінде бағалады. Ол мемлекет азаматтарды қолдап қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау керек деді. Сонымен қатар қазіргі еңбек нарығында тек кәсіби білім емес, табандылық, ішкі тәртіп, бейімделгіштік және дұрыс шешім қабылдай білу секілді жеке қасиеттердің маңызды екенін айтты.
«Бір салаға шектеліп қалмай, әртүрлі бағытта даму, көзқарасты кеңейту, тәжірибе жинау керек. Дәл осы қасиеттер икемді ойлауға үйретіп, уақыт ағымы жүйрік заманда сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді», деді депутат.
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Азия ойындарының жүлдегері, ҰОК спортшылар комиссиясының мүшесі Эльмира Сыздықова жас буынға өз ісіне адал болуды, мақсатқа жету жолында табандылықтың маңызын түсіндірді.
«Ең бастысы – адам өз ісінен ләззат алуы керек. Спорттағы ұзақ жылғы тәжірибемнен түйгенім – қиындыққа мойымай, сәтсіздікке мұқалмай, арманыңа адал болу. Қазақта «Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің» дейді. Кейде алға ұмтылуға батыл шешім қабылдап, тәуекелге бара білу қажет», деді спортшы.
Кәсіпкер Асылжан Қази студенттерге бизнестегі тәжірибесімен бөлісіп, қиындықтарды еңсеруге көмектесетін кеңесімен бөлісті. Сондай-ақ әр адамның өнімді еңбегі, ел өміріне белсенді қатысуы мықты әрі әділ Қазақстанның негізін қалыптастыратынын атап өтті.
Пікірталас аяғында қатысушылар кәсіби даму, жеке бренд қалыптастыру, заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие болу бағытында нақты ұсыныс алып, өздерін толғандырған сұрақтарын да қойып үлгерді.
Соңғы жаңалықтар
Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды
Аймақтар • Кеше
Ақтүтек боран кезінде адамдарды құтқарған мұғалім төсбелгімен марапатталды
Марапат • Кеше
Талдықорғанда зейнеткер 5 келіден астам есірткімен ұсталды
Есірткі • Кеше
Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді
Аймақтар • Кеше
Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Марапат • Кеше
Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды
Спорт • Кеше
Дзюдодан Грузиядағы Grand Slam турнирі: Талғат Орынбасар қола жүлдегер атанды
Спорт • Кеше
Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Кеше
Әсет Матаевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Қоғам • Кеше
Алакөлге пойыз және әуе билеттері қашан сатыла бастайды?
Туризм • Кеше
Ғылым, білім және Конституция: Қазақстанның жаңа бағытының үш тірегі
Президент • Кеше
Шымкентте DamDastour халықаралық гастрономия фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Владимир Путин Мемлекет басшысын референдумның табысты өтуімен құттықтады
Президент • Кеше
Екібастұзда құмар ойындарға қатысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды
Оқиға • Кеше