Адам капиталы Конституция жобасының басымдығы

21.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың роботтехника орта­лығы алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Ха­­лықтық Конс­титуциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүше­­­лері белсенді жас­тармен және IT саласының өкілдерімен кез­дес­ті. Жиынға деле­гацияны Премьер-министрдің орынбасары – ­
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Оған Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев, Конституциялық ко­мис­­сия өкілдері, қоғамдық институттар мен білім беру сала­сы­ның бас­шылары, сарап­шылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуге сту­дент­тер, жас зерт­теушілер және қалалық IT-бастамалардың қаты­­сушылары жиналды.

Отырыста Аида Балаева жаңа Конс­ти­туция жобасы ел дамуындағы жаңа кезеңді көрсететінін атап өтті. Бүгінде басты ресурс шикізат емес, азамат­тар­дың білімі мен қабілеті екенін сөз етті.

«Жаңа Конституцияда адам капиталы ел дамуының басты басымдығы ретінде айқындалды. Білім, ғылым, мә­дениет және инновация салаларына ерекше мән беріліп, ұлттық мәдениетті қол­дау мен тарихи-мәдени мұраны сақ­тау конституциялық қағидат дең­гейі­не көтерілді. Бұл мемлекеттің болашағы табиғи ресурстарға ғана емес, ең алдымен білімді, зияткерлік әлеуеті жоғары азаматтарға сүйенетінін көрсетеді», деді вице-премьер.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев жастарды елдің басты зият­кер­лік ресурсы деп атады.

«Қазақстанды дамытатын – мұнай да, газ да емес, жастардың интел­лекті мен қабілеті. Сондықтан жаңа Конс­ти­ту­ция жобасында білімге, ғылымға, инвестиция мен инновацияға басымдық берілген. Біз Цифрлық кодексті, әлемде алғашқылардың бірі болып ЖИ туралы заңды қабылдадық. Көп бағыт бойынша озып келеміз, бұл межені ұстап тұру – жастардың қолында. Конституция «Заң және тәртіп» қағидатын, адам құқық­тары мен бостандықтарын бекіте отырып, қоғамға жақындай түседі. Рефе­рендум­­­ға қатысып, осы құжатты қол­дау­ды маңызды деп санаймын», деді ол.

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп білім, ғылым және инновацияны Ата заңның стратегиялық басым­дық­тары ретінде бекіту академия­лық орта үшін ұзақмерзімді даму бағытын қалыптастыратынын айтты.

Цифрлық трансформация мәсе­ле­сіне Қазақстан қоғамдық даму институтының төрайымы Жұлдызай Ысқақова тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде 90%-дан аса мем­ле­кеттік қызметтер онлайн түрде қол­жетімді, ал халықтың шамамен 80%-ы цифр­ландыруды қолдайды. Сонымен қатар цифрлық сенімнің артуы интернет-алаяқтық қатерін күшейтеді, бұл жеке деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікке қатысты конс­ти­туциялық нормалардың маңы­зын арттырады. Ол жастардың дауыс беруге қатысуы азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін де атап өтті.

Алматының IT-экожүйесін дамы­туға қатысты пікірді Qazaq IT Community негізін қалаушы, Women in Tech Kazakhstan ұйымының жетекшісі Әсел Болатжан білдірді.

«Алматы – елдің цифрлық орта­лы­ғы. Мұнда Қазақстандағы IT-ком­паниялардың шамамен үштен бірі шоғырланған. Олар елдегі IT-қызметтердің жартысынан астамын өндіреді. Келесі қадам – білім, стартаптар мен зерттеулерге арналған интеграцияланған алаңдарды құру. Жаппай цифрландыру жағдайында цифрлық құқықтарды конституциялық деңгейде бекіту аса маңызды», деді ол.

ҚазҰУ доценті Алдияр Агишев құқықтық нормалардың ғылыми-техно­логиялық даму жағдайына сай болуы қажеттігін айтты.

«Қазіргі технологиялар жаңа мін­дет­тер қояды. Конституцияда цифр­лық қауіпсіздік пен жеке дерек­терді қорғау нормаларын бекіту – уақтылы шешім. ЖИ дамуы инфрақұрылымға, деректерге және адами капиталға тәуелді. Есептеу қуаттарына сұраныс күрт өсті. ҚазҰУ-дың суперкомпьютерлік кластерінде ЖИ міндеттері үшін GPU ресурстарының тапшылығы сезіледі», деді ол.

«Jastar ruhy» жастар қанатының қала­лық филиалының төрағасы Дидарбек Ділдәбек цифрлық орта­дағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру жайында ой қозғады. Алматы қаласының студенттік омбудс­мені Айболат Сембиев ғылым мен цифр­ландыруға басымдық беру жас­тар­дың сапалы білім алуына жаңа мүм­кіндіктер ашатынын айтты.

Кездесу соңында қатысушылар бұл талқылау тек түсіндіру шарасы емес, ел болашағы, адами капитал, цифрлық технологиялар және әділетті даму қағидаттары туралы мазмұнды диалог болғанын жеткізді.

Сонымен қатар осы күні жалпы­ұлт­тық коалициясы мүшелері шығар­ма­шылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Іс-шараға депутаттар, әлеу­мет­та­нушылар, отандық кино және музей саласының өкілдері, шығар­ма­шылық бірлестіктер, медиақауым­дас­тық және креативті ұйымдар қатысты.

Жиын жаңа Конституция жобасына және 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналды. Кездесуде Аида Балаева Ата заң жобасында адами капиталға айрықша мән берілгенін, ал мәдениет пен тарихи мұраны сақтау жаңартылған Конс­ти­ту­цияда жоғары деңгейге көте­ріл­генін атап өтті.

«Білім, ғылым, мәдениет және ин­новация салаларына ерекше мән беріліп, ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау конс­титуциялық қағидат деңгейіне көтерілді. Бұл мемлекеттің болашағы табиғи ресурстарға ғана емес, ең алдымен білімді, зияткерлік әлеуеті жоғары азаматтарға сүйенетінін көрсетеді. Ұлттық мәдениетті қол­дау және тарихи-мәдени мұраны сақтау ұғым­дарының алғаш рет конс­титу­ция­лық деңгейде бекітілуі – біз үшін үлкен қуаныш әрі зор жауапкершілік. Сондай-ақ ел азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi екені де анық көрсетілген. Аталған жаңашылдық ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтауға және ұлттық код пен мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады», деді А.Балаева.

Медиаменеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Мұхамеджанова жоба заң үстемдігі мен қоғамдық қатысу қағидаттарын күшейтетінін, соның ішінде цифрлық ортадағы азаматтардың құқығын қорғауға кепілдік беретінін айтты.

Отырыста режиссер Талғат Теменов ел үшін маңызды кезеңде әр азаматтың жауапкершілігі арта түсетінін атап өтті.

«Ел тарихында Конституция алғаш рет қазақ тілінде жазылды. Мен осыған қуандым. Екінші қуанғаным, бір палаталы Парламент, яғни Құрылтайды құру бастамасы болды. Үшінші, Прези­дент­тің бір-ақ мәрте сайлануы. Ата заңның әр тармағы – қазақтың ертеңі, үміті мен болашағы. Келер ұрпақ үшін бірігіп, референдумға қатысуымыз өте маңызды», деді ол.

Кино продюсері Жалын Тілеуберген жаңа Конституция жобасы креативті экономика мен креативті индустрияны дамыту бағытын айқындайтынын жеткізді.

«Конституциялық деңгейде сөз бостандығына, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркін­дік­ке кепілдік беріліп, зияткерлік меншік қорғалса, бұл жас режиссерлер мен актерлер үшін берік тірек болар еді. Басты ресурс – шикізат емес, азамат­тар­дың идеясы, ойы, дарыны мен еңбегі. Ал референдумға қатысу өнер мен қоғам арасындағы байланысты күшей­тетіні анық», деді ол.

Кездесу соңында коалиция мүше­ле­рі қатысушылармен пікір алмасып, ойын ортаға салды. Биыл 15 наурыз күні азаматтар жаңа Конституция жо­басы бо­йынша өз ұстанымын білдіре­тінін айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Қопа мектебіне қолдау көрсетілді

Мектеп • Кеше

Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді

Ата заң • Кеше

Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды

Олимпиада • Кеше

Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр

Шахмат • Кеше

«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Оқиға • Кеше

Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Ата заң • Кеше

Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті

Аймақтар • Кеше

Жалын Тілеуберген: Конституциялық құндылықтар ұлттық болмысты сақтап, әділетте қоғам құруға жол ашады

Ата заң • Кеше

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды

Футбол • Кеше

Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды

Оқиға • Кеше

Астанада жүк көлігі өртке оранды

Оқиға • Кеше

119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты

Аймақтар • Кеше

Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады

Референдум • Кеше

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью