Адам капиталы өсудің маңызды факторы: Қазақстан жаһандық рейтингте өз орнын жақсартты

10.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан адам капиталының жаһандық бағалауында өз орнын айтарлықтай жақсартты. Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, Қазақстан Human Capital Index Plus (HCI+) индексі бойынша 230 балл жинап, 13 орынға көтеріліп, 161 елдің ішінде 42-орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан бірқатар дамыған елден озып тұр

HCI+ көрсеткіші бойынша Қазақстан Еуропа, Азия және Таяу Шығыстағы кейбір мемлекеттерден жоғары орын алды. Мысалы, Қазақстан Аргентина (200), Малайзия (201), Грузия (207), Әзербайжан (208) және Қытай (218) сияқты елдерді басып озды. Сондай-ақ Қазақстан Молдова мен Грекия (222 балл), Армения (224), Болгария (226), Италия (225) және Түркия (228) елдерінен де жоғары тұр.

Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азия елдері арасында айқын көшбасшы болды. Мысалы, Тәжікстан – 138 балл, Өзбекстан – 170, Түрікменстан – 179, ал Қырғызстан – 198 балл жинаған.

Адам капиталы индексінде 13 орынға көтерілу үлкен жетістік болып саналады. Себебі білім деңгейі, халықтың денсаулығы және өмір сүру ұзақтығы сияқты көрсеткіштер бірден өзгермейді, олар ұзақ мерзімді мемлекеттік инвестицияларды қажет етеді. Сондықтан Қазақстанның рейтингтегі өсуі әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижесін көрсетеді.

Бұдан бөлек, мұндай индекстерді халықаралық қаржы ұйымдары мен инвесторлар экономиканың тұрақтылығы мен адам ресурстарының сапасын бағалау үшін қолданады.

Адам капиталының экономикадағы рөлі

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, адам капиталы ұзақ мерзімді экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі. Білім деңгейі жоғары және денсаулық көрсеткіштері жақсы елдерде еңбек өнімділігі де жоғары, экономикасы да тұрақты болады.

Қазақстан үшін бұл индекс бойынша позицияның жақсаруы экономиканы әртараптандыруға және технологиялық даму моделіне көшу мүмкіндігінің күшейгенін білдіреді.

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық

HCI+ индексі нені өлшейді

HCI+ көрсеткіші баланың ересек өмірге, яғни еңбек нарығына шыққанға дейін жинай алатын адам капиталының деңгейін бағалайды.

Индекс қоғам дамуының негізгі факторларын ескереді: денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы, білім деңгейі және жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері. Яғни бұл көрсеткіш тек қазіргі әлеуметтік жағдайды ғана емес, елдің болашақ экономикалық әлеуетін де көрсетеді.

Адам капиталына басымдық беріледі

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қошанов Бүкіләлемдік саммитте Ұлттық ядролық кластер құру жөнінде айтты

Қоғам • Бүгін, 20:31

Астанада ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Елорда • Бүгін, 20:16

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады

Президент • Бүгін, 18:30

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Спорт • Бүгін, 18:00

Air Astana наурыздың соңына дейін Dubai бағытындағы рейстерін тоқтатты

Қоғам • Бүгін, 17:55

Ерлан Жетібаев: Қазақстан өз азаматтарын қатерге қалдырмайды

Қоғам • Бүгін, 17:51

Референдумға дайындық: Мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдай жасалады?

Референдум • Бүгін, 17:42

Зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасын тыңдай алады

Референдум • Бүгін, 17:40

Қазақстандағы референдумды 38 елден келген 359 байқаушы бақылайды

Референдум • Бүгін, 17:33

Референдум: Орталық комиссия өңірлердің дайындығын тексерді

Референдум • Бүгін, 17:31

Алматыда балдырған суретшілердің көрмесі ашылды

Көрме • Бүгін, 17:28

Түркістанда 3 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті

Оқиға • Бүгін, 17:20

Бірқатар өңірде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді

Ауа райы • Бүгін, 17:12

Михаил Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер тізіміне енді

Спорт • Бүгін, 17:01

Ұлытауда Жалпыұлттық коалиция мүшелері шахтерлермен жаңа Конституция жобасын талқылады

Референдум • Бүгін, 16:58

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью