Адам өмірін құтқару бәрінен маңызды: Сот жүргізушінің айыппұлын жойды

13.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін жүргізуші жылдамдық режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда ол бұл қаулыға шағым түсірген.

Сотта жүргізуші танысының аяқ астынан жағдайы нашарлағанын айтты. Әйелді уақыт жоғалтпай облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізу үшін рұқсат етілген жылдамдық шегінен асыруға мәжбүр болғанын түсіндірді.

Павлодарда трамвай бағанына соғылған көлік жүргізушісінің өлімі тергеліп жатыр

Істі қарау барысында сот бейнебақылау камераларының жазбаларын, медициналық құжаттарды зерттеп, куәгерлердің айғақтарын тыңдады. Нәтижесінде жүргізушінің адам өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті болдырмау мақсатында әрекет еткені анықталды. Бұл жағдай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 37-бабында көзделген аса қажеттілік ұғымына сәйкес келеді.

Осыған байланысты жүргізушіге салынған әкімшілік айыппұлдың күші жойылып, оның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан іс өндірісі тоқтатылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью