Адам құқығына жауапты құжат

04.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ата заң – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының, ішкі және сыртқы саясаттың барлық субъектісінің стратегиялық даму бағыттарын айқындайды. Сондай-ақ әкімшілік, азаматтық, қылмыстық-процестік, еңбек және өзге де құқық салаларының негізін қалыптастырады.

Сурет: qazaq1913.com

Мен заңгер ретінде Консти­ту­ция жобасына енгізілетін ұсы­ныстарды талқылау жөнін­дегі Конституциялық комиссия оты­рыс­тарының жұмысын мұ­қият қадағалап отырдым. Айта кету керек, жоба жарты жылға жуық уақыт бойы жан-жақты қаралып, қоғам арасында кең көлемде талқылаудан өтті. Осы уақыт ара­лығында 2000-ға жуық ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығы мұ­қият зерделеніп, нәтижесінде, Конституциялық комиссия Конс­­­титуция мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл бастама қоғам тарапынан кең қолдау тапты.

Ұсынылып отырған Консти­туция жобасы – Тәуелсіз еліміз тарихындағы аса маңызды әрі жауапты қадам. Менің ойымша, алғаш рет Конституция деңгейінде «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидат­тары нақты әрі жүйелі түрде көрініс тапты. Бұл – қоғам сұ­ра­­нысы мен уақыт талабына берілген айқын жауап. Атал­ған қағидаттар құқық үстем­дігін ны­ғай­туға, әділетті бас­қару жүйе­сін қалыптастыруға әрі азамат­тардың құқықтары мен бостан­дықтарын қорғауға ба­ғытталған.

Жаңа редакциядағы 16-1-бап­қа ерекше назар аудару қажет. Бұл бап азаматтардың құқық­тарына берілетін кепілдіктерді күшейтуге, оның ішінде кінәсіз­дік презумпциясы, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан жауап­қа тартуға жол бермеу мен өзі­нің кінәсіздігін дәлелдеуге мін­детті болмау қағидаттарын қам­тиды. Аталған норма аза­мат­­тар­дың құқықтары мен бос­тандық­тарының басымдығын нақты бекітеді.

17-21-баптарды талдай отырып, жаңа түзетулердің бұрынғы редакциямен салыс­тырғанда елеулі айырмашылығы бар еке­­­нін көруге болады. Жаңа өз­ге­­рістер әрбір азаматтың құ­қық­­тары мен қадір-қасиетін қор­ғауға бағыт­талған. Атап айтқанда:

«20-1-тармақ. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және заңмен қорғалады.

20-2-тармақ. Ешкім азап­тауға, зорлық-зомбылыққа, бас­қа да қатыгез немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әре­кеттер мен жазаларға ұшы­ратылмауға тиіс».

Бұл тұжырымдар жаңа Конс­­­ти­туция халықтың пікірі мен мүд­десін ескере отырып әзір­­лен­­генінің айқын дәлелі. Жаңар­тыл­ған Ата заң еліміздің тұрақ­ты дамуына, әділетті қоғам құру­ға әрі құқықтық мемлекетті нығай­туға берік негіз боларына сенім мол.

Мұхтар ТӨЛЕГЕН,

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің

басқарма төрағасы – ректоры 

Соңғы жаңалықтар

Отандық оқу орындарының өрісі

Білім • Бүгін, 08:15

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Digital • Бүгін, 08:08

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Бизнес • Бүгін, 08:05

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Театр • Бүгін, 07:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью