Адам құқықтары конституциялық құндылық

11.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жаңа Конституция мемле­кеттік басқару жүйесінің құры­лымын өзгертіп қана қоймай, мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынастың жаңа философиясын қалыптастырды. Адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары конституциялық құндылық ретінде бекітілді, «Заң мен тәртіп» және «Әділетті Қазақстан» қағидаттары мем­лекеттік саясаттың негізгі бағда­рына айналды.

Комиссияның жаңартылған құрамдағы алғашқы отырысында аталған қағидаттарға назар аударылды.

Комиссия төрағасы Жақып Асанов жаңа Ата заң аясында Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жауапкершілігі едәуір арта түсетінін атап өтті. Оның айтуынша, комиссия – адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелерді талдау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағы­тындағы конституциялық кепіл­діктерді жетілдірудің маңызды тетіктерінің бірі.

Сондай-ақ Ж.Асанов Мемле­кет басшысы адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары конституциялық құндылық әрі бүкіл мемлекеттік аппарат қызметінің басты бағдары екеніне бірнеше рет тоқталғанын жеткізді. Осы ұстаным бойынша Комиссия мемлекеттің қазіргі даму кезеңіне сай озық әрі тиімді шешімдер ұсынуы қажет.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью