Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматыда адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректеріне қатысты қылмыстық істер бойынша күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректеріне қатысты қылмыстық істер бойынша күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, 27 наурызда Алматыда жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.
Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталған.
"17 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!