Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған магнитудасы 7,1-ге тең жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алды, деп хабарлайды Tengri Travel РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік материалда Синьхуа ақпаратына сүйенген.
"Қытайдың Сицзан (Тибет автономиялық ауданы - ред. ескертпесі.) өңірінде болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тауып, 32-сі жарақат алды", - делінген басылымда.
Қытай сейсмологиялық орталығының (CENC) мәліметінше, бейсенбі күні Бейжің уақытымен 22:33-те Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сицзан автономиялық ауданына қарасты Нагчу қаласының Бачен уезінде 7,0 магнитудалы жер сілкінісі болды. #XinhuaNews https://t.co/ewln8dGEvn
— China Xinhua News (@XHNews) 22 қазан, 2026
Бейнебақылау камералары жерасты дүмпуі сәтін түсіріп алған: Euronews жариялаған кадрлардан адамдардың сілкіністен аман қалу үшін ғимараттардан қалай қашып шыққанын көруге болады.
Қытайдың жер сілкінісі жөніндегі басқармасы екінші деңгейлі төтенше әрекет ету режимін жариялады, содан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Лхаса мобильді өрт сөндіру-құтқару отрядының Нагчу батальоны тірі адамдарды анықтайтын құралдармен және арнайы құтқару жабдықтарымен жарақталған жеті өртсөндірушіден тұратын алдыңғы топты жіберді.
Бейнежазбаларда шұғыл қызметтердің аттануға дайындалып жатқаны, ал көліктердің зардап шеккен ауданға бет алғаны көрінеді. Топтар жағдайды бағалау және жер сілкінісінен кейін құтқару операцияларын жүргізу үшін жіберілді. Кейінірек жергілікті билік зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар екенін хабарлады. Шенеуніктер эпицентр айналасындағы ауылдардағы қирауларды тексеріп жатыр.
Еске сала кетейік, қазақстандық сейсмологтар бейсенбіде кешке Қытайда болған бірқатар жер сілкінісін тіркеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу