Адамдар өз сабағынан өзі өтуі тиіс... : Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды (видео)

15.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде өмірден түйген ойын жеткізді, - деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі өмірде бес нәрсеге мән беруге шақырды. Сонымен қатар адамды мінсіз көріп, одан көп нәрсе күтпеу керегін атап өтті.

«Осы жасыма дейін мына бір дүниелерді мықтап түйдім. Біріншісі, адамды ғайбаттамау, өйткені карма өзіңе келеді. Екіншісі, сізден ақыл сұрамады ма, айтпау керек. Үшіншісі, сізден көмек сұрамаса, көмектеспеу, кейде адамдар өз сабағын өзі өтуі тиіс. Төртіншісі, адамнан ештеңе күтпеу, күту болмаған жерде реніш те болмайды. Бесіншісі, Жаратқаннан артық ешкімді жақсы көрмеу. Жүректің төрін тек Соған арнау. Ішкі дүниені осылай артық ойлардан, өкпе-реніштен тазартқан кезде, сыртқы келбеттің де сондай таза, жеңіл әрі үйлесімді болғанын қалайсың», - дейді актриса.

Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдіріп, өмірлік құнды кеңес үшін алғыс айтты.

«Дұрыс айтасыз! Менде бұл нәрселерді 17 жасымнан бастап түсініп келе жатырмын! Бірақ, сұрамасада ақылымды-кеңесімді айтам. Жаным ашиды. Көмек көрсеттім деп міндетсімеймін сосын», «Керемет жансыз», "Өте дұрыс», «Көп рақмет», "Керемет айттыңыз", деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью