“Адамдар жұмыс пен оқуға кешігіп қалды“: Алматыда таңертең кептеліс болды

05.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алматыда дүйсенбінің таңы кептеліспен басталды. Бірнеше көшеде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы қиындаған. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жолдағы кептеліс салдарынан жұмыс пен оқуға кешігіп жатқандарын айтып шағымданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автобус орға түсіп кеткен

Қала тұрғынының айтуынша, Момышұлы көшесінің Рысқұлов даңғылымен қиылысқан тұсында жұмысшылар ор қазған. Бұл ретте аталған учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.

"Түнде ордың алдында кептеліс пайда болып, қазылған жерге су толған", - дейді ол.

5 қазан таңертең орға автобус түсіп кеткен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жүргізушілер қолжетімді заттардан көпіршелер жасап, жолды өз беттерінше ашуға тырысқан.

Тұрғындар кептеліске шағымданды

Дүйсенбі, 5 қазан күні әлеуметтік желілерде жолда қалып қойған Алматы тұрғындарының ондаған жазбасы жарияланды.

Threads-тен көру

"Алматылықтар үшін таң осылай басталды. Жаңбырдан кейін Момышұлы көшесінде бұрын жөндеу жүргізілген жол учаскесі шөгіп кеткен. Көліктер жүре алмай, кептеліс пайда болды. Салдарынан жұрт жұмысқа, оқушылар сабаққа кешікті, ал жүргізушілерге жолды қалпына келтіруге тура келді", - деп жазды қала тұрғыны Тhreads желісінде.

Тағы бір қала тұрғыны да осыған ұқсас наразылығын білдірді.

Threads-тен скриншот

"Қарапайым халыққа, бүгін таңертең жұмысқа, мектепке, сабаққа кешіккен жүздеген адамға "қамқорлық" жасағаны үшін Алматы әкімдігіне рақмет. Сіздер менсінбейтін жүргізушілер сіздердің жұмыстарыңызды атқарып, жолды өз күшімен қалпына келтірді. Егер LRT қазірдің өзінде тұрғындарға осындай қиындық тудырса, онда бізге мұндай LRT-ның қажеті жоқ", - деді ол.

Төле би көшесінде не болып жатыр?

Куәгерлердің айтуынша, таңертең Төле би көшесінде LRT қоршауы құлап, жолдың бір бөлігін жауып қалған.

Tengrinews.kz оқырманының фотосы

Төле би мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында да жол жұмыстарына байланысты кептеліс пайда болды.

Threads-тен көру

Tengrinews.kz тілшілері ақпарат алу үшін Алматы әкімдігіне хабарласып, қала жолдарындағы жағдайды түсіндіруді сұрады.

Бұған дейін Алматыдағы Масанчи көшесінің тұрғындары жақында жүргізілген реконструкциядан кейін нөсер кәріз жүйесінің жағдайына шағымданған болатын. Қалалықтардың айтуынша, арықтардың бір бөлігі бетондалып тасталған, соның салдарынан жаңбыр кезінде су жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолын басып қалған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью