Адами капитал мемлекеттің басты байлығы: AMANAT фракциясы Жаңа Конституция жобасын талқылады

31.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жаңа Конституция жобасы жарияланған күні Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының осы құжатты талқылауға арналған жиыны өтті. Депутаттар мемлекеттің алдағы уақытта орнықты дамуы мен қоғамды ұйыстырудағы бұл құжаттың тарихи маңызын атап өтті. Фракция Негізгі заң жобасына толық қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

фото: Әли Ғалым

Жиынды аша отырып, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституция мәтіні қоғаммен бірлесіп әзірленгенін және бұл құжат Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалар бағытының заңды жалғасы екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция халықпен ашық диалог жүргізу барысында қалыптасып, жұртшылықтың шынайы мүддесін айшықтайды. Сондықтан жаңа Ата заңның жобасын «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Ол – еліміздің орнықты дамуының берік негізі болары анық. Ұлтымызды ұйыстыратын факторға айналуы керек. Жаңа Конституция жобасының әр бабын, әр нормасын халыққа кеңінен түсіндіруіміз керек. «AMANAT» партиясы осы жұмыстың бел ортасында болуға тиіс. Бұл біздің – маңызды міндетіміз, тарихи миссиямыз», деді Ерлан Қошанов.

Партия Төрағасы Конституция жобасына билік пен қоғамның ҰҚСК-ның, Ұлттық құрылтайдың, Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында өткен жан-жақты әрі ашық талқылаулардың нәтижелері енгенін, құжатта қазақстандықтардың арман-тілектері мен ұмтылыстары көрініс тапқанын атап өтті. Осыған байланысты, жаңа Конституция жобасының кіріспесінде кейінгі жылдары әрбір қазақстандыққа жақын бола түскен құндылықтар – Заң мен тәртіп, Адал азамат, Таза Қазақстан көрініс тапты. Бұл құндылықтар Конституцияның барлық нормасын бойлай өтіп, мемлекеттің алдағы дамуына негіз болатын қуатты моральдық-құқықтық қалыбын қалыптастырады.

Ерлан Қошанов мемлекеттің болашақ заң шығарушы органы – Құрылтайға арнайы тоқталды. Конституция жобасына сәйкес, жаңа бір палаталы Парламент айтарлықтай күшейтілген өкілеттіктерге ие болып, билік тармақтары арасындағы тежемелік тепе-теңдік жүйесін түбегейлі жаңғыртады. Ал Құрылтайды тек партиялық тізім арқылы қалыптастыру қадамы қоғамдағы барлық әлеуметтік топтың мүддесін неғұрлым кең әрі жауапты түрде білдіруге мүмкіндік береді.

Жаңартылған Құрылтай Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын түпкілікті бекітеді.

Мыңжылдық тарихтың сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар

Сондай-ақ Мәжіліс Спикері Мемлекет басшысының «Халық Кеңесін» құру жөніндегі бастамасы дер кезінде қабылданған аса маңызды шешім екенін атап өтті. Бұл ұсыныс та Конституция жобасында көрініс тапты. Заңнамаға бастамашылық ету құқығы бар жаңа институт этностардың, конфессиялардың, өңірлердің барлық аспектісі ескерілетін, жете ойластырылған мемлекеттік шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекет тұрақтылығының, оның үйлесімді дамуы мен «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын институционалдық тұрғыда нығайтудың кепілі болмақ.

Мемлекетті жаңғырту негізіне алғаш рет адами капиталды дамыту қадамы алынып отыр. Яғни, мемлекеттің барлық ресурсы азаматтардың әлеуетін ашуға және қолдауға бағытталады. Президенттің барлық шешімінде көрініс тауып келе жатқан осы озық идея енді ең жоғары конституциялық деңгейде бекітіледі.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция жобасы алғаш рет адамға бағдарланған мемлекет моделіне көшуді заң жүзінде бекітетінін және қоғамды жаңа деңгейде біріктіруге бағытталған «Біртұтас Қазақстан халқы» ұғымын енгізетінін атап өтті. Сонымен қатар Негізгі заң жобасында дербес деректерді қорғауға ерекше назар аударылып, процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде адам құқығын қорғаудың нақты нормалары айқындалды.

Жиын барысында депутаттар Жаңа Конституция жобасындағы озық новеллалар жөнінде өз көзқарастарын білдірді. Бақытжан Базарбек пропорционалды сайлау жүйесін енгізудің маңызын атап өтіп, ол саясаткерлердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыратынын айтты. Қайрат Балабиев «Заң мен тәртіп» қағидаты жазалаудан емес, отбасындағы тәрбиеден және зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудан басталатынын жеткізді. Снежанна Имашева жаңа Конституция жобасы адам және оның құқығы мемлекет басымдығы ретінде алғаш рет Негізгі заң деңгейінде бекітетінін атап өтті. Юлия Кучинская жаңа Конституция ұрандарға емес, атсалысуға, жауапкершілікке және нақты ықпал ету тетіктеріне негізделген кемел азаматтық патриотизм моделін қалыптастыратынын айтты.

Нұртай Сабильянов бір палаталы Парламент ең алдымен жедел шешім қабылдау мүмкіндігін, ашық жауапкершілікті және қоғамның билікке деген сенімін арттыратынын атап өтті. Нартай Сәрсенғалиев ғылым, білім және инновацияның Конституцияда бекітілуі адами капиталды мемлекеттің басты байлығы ретінде нақты мойындау екенін айтты. Никита Шаталов Парламенттің келісімімен тағайындалатын вице-президент институты билік жүйесінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ететін жаңа архитектураны қалыптастыратынын атап өтті.

Фракцияның барша депутаты алдағы ауқымды конституциялық өзгерістердің маңызын жоғары бағалап, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Бірқатар тауар кедендік баж салығынан уақытша босатылды

Экономика • Бүгін, 18:08

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 17:43

Қазақстан жерін шетелдіктерге сату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Оқиға • Бүгін, 17:22

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Президент • Бүгін, 17:06

ТЖМ ескертеді: Таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін

Оқиға • Бүгін, 16:52

Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Теннис • Бүгін, 16:10

«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің жұлдызы өмірден өтті

Оқиға • Бүгін, 16:00

Еліміздің үздік теннисшісі Australian Open турнирінде қанша табыс тапты?

Теннис • Бүгін, 15:45

Әділет министрінің солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе беруді ұсынғаны рас па?

Қоғам • Бүгін, 15:30

Жасанды интеллект медиа саласын қалай өзгертеді?

Сұхбат • Бүгін, 15:13

Заңсыз жекешелендіру: Қыздар педагогикалық университетінің ғимараты мемлекет меншігіне өтті

Аймақтар • Бүгін, 14:48

Алматы маңындағы ауыл шаруашылығы жерлерін бөлшектеу қашан тоқтайды?

Оқиға • Бүгін, 14:10

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

Энергетика • Бүгін, 13:17

Серік Жұманғарин: Президент ЕАЭО аясындағы ортақ жұмысымыздың басым бағыттарын айқындады

Саясат • Бүгін, 12:48

Жетісуға былтыр 40 мың экотурист келген

Аймақтар • Бүгін, 12:26

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью