Адамнан қорықпайтын еліктер

03.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ертіс өзенінің қаумалы мен орманды жерлерде шамамен 5 мыңға жуық елік тіркелген. Орманшылар түз тағылары адам мен көліктен үрке қоймайтынын айтады.

Биыл қыста еліктер Павлодар облысының елді мекендеріне жиі кіріп жүр. Негізінен өзен ма­ңайын­дағы жайылмалар мен «Ертіс орманы» резерватын мекендейтін жануарлар кейбір сәтте ауылдар мен қалалардың көшелерін кезіп, азық іздейтінге ұқсайды. Орманды жерлердің көбінде қар сон­шалықты қалың емес. Еліктердің тебіндеп жайылуына мүмкіндік мол. Дегенмен тұрғындар жануарлардың адам­дарға жиі үйірсектей бастағанын түсіне алмай дал.

– Елді мекендерге жас еліктердің кіріп кету оқиғалары жиі тіркеліп жатыр. Жануарлардың адамдар тұратын жерлерді жағалауының себебі – орманды жерлерде қардың қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жетіп, алаңқайлардағы мұз болып қалған қарды тебіндеп жайылу қиындаған. Топырақтағы тоң 90 сантиметрге жетеді. Оның үстіне қаңтар айындағы соңғы аязды күндер айналадағы барлық су айдындарын қатырып тастаған, мұздың қалыңдығы – 40-70 сантиметр. Сондықтан олар қо­сымша азық іздеп, адамдар тұратын жерлерді төңіректейді. Мысалы, өткенде облыс орталығының ірге­сіндегі Атамекен кентінде жас елік жеке тұрғынжайға кіріп, көлік қоятын гараждағы орға түсіп кетіпті. Оны біздің орманшылар алып келіп, жарақатының бар-жоғын тексерді. Аман екені анықталған соң орманға босатып қоя берді, – деп түсіндірді бұл құбылысты Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Ертіс өзені қаумалында сібір және дала еліктері көбейіп келе жатыр. Орманшылар әдетте үркек келетін жабайы жануарлардың адамнан қорықпайтынын, 40 метрге дейін жақындататынын айтады. Себебі бұл аумақтарда түз тағыларын атуға болмайды. Оның үстіне қаумалда бірде-бір қасқыр көзге түспеген. Орман және жануарлар дүниесін қор­ғау мекемесіне қарасты орман шаруашылықтарындағы еліктер жайылмадағы бұталармен, қар ас­тындағы шөпті қазып қоректенеді.

Орман инспекторлары биыл қыста еліктер ғана емес, түлкілер мен қояндар­дың да елді мекендерге жиі бара бастаға­нын байқаған. Аңшылыққа тыйым са­лынған жерлерде түз тағылары өздерін еркін ұстап, қалаларға жиі келгіштейді. Айталық, Павлодар қаласында кейінгі күндері көше кезіп жүрген бірнеше түлкі ұшырасқан.

Қаңтар айының ортасынан бері жалғасқан аязды күндері орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері орман жануарларын азықтандырумен шұғылданып жатыр. Мекемеге қарасты аумақта 80 оттық пен тұз астаулары құрылған. Мұнда жалпы 6 орманшылық бар. Инспекторлар жабайы жануарларға ғана емес, құстар мен балықтарға да қам­қорлық жасайды.

– Ертіс өзенінің жайылмаларында жем-шөп пен тұз салатын оттықтар құрылған. Инспек­торлардың күшімен шамамен 80 азық орны, құстарға арнап 40 үйшік жасалды. Жануарларды азықтандыруға 3,5 тоннадан астам шөп пен дәнді дақыл жармалары, 180 кг тұз дайындалған. Ор­маншылар соларды белгіленген жерлерге жеткізіп, сеуіп жатыр, – дейді А.Жүсіпов.

Балықтар да орманшылардың қамқор­лығында. Шағын суқоймала­рындағы балықтарды оттегімен қамтамасыз ету мақ­сатында инспекторлар аэрация жүр­гізеді. Ойықтарды бұрғылап, оған қамыс қояды. Осындай қарапайым әдіс арқылы суға оттегі араласады. «Су айдын­дарындағы мұздың қалыңдығы бүгінде кемі 40 сантиметр. Мұндай қалыңдықтағы мұз оттегіні өткізбейді. Салдарынан су астындағы жануарлар әлемі қыста қырылып қалуы ықтимал. Аэрациялық тәсіл арқылы көптеген су айдынындағы балық шаруашылығын аман сақтап отырмыз», дейді орманшылар.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:58

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді

Спорт • Бүгін, 12:43

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Экономика • Бүгін, 12:33

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Қоғам • Бүгін, 12:23

Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?

Қазақстан • Бүгін, 12:19

Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

Әлем • Бүгін, 12:09

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады

Қоғам • Бүгін, 11:57

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

Қоғам • Бүгін, 11:28

Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды

Спорт • Бүгін, 11:17

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті

Қоғам • Бүгін, 11:07

Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?

Әскер • Бүгін, 10:57

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

Қоғам • Бүгін, 10:38

ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты

Технология • Бүгін, 10:28

Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді

Спорт • Бүгін, 10:17

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью