Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Құқық бұзушылық профилактикасы заңының 75-бабы, 3-тармағында нақты норма бар. Оған сәйкес, адамды көзбен тануға кедергі келтіретіндей бетті жабатын киімдерді кию құқық бұзушылық болып саналады. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабын жазаны белгілейді.
алғашқы құқық бұзушылық үшін ескерту;
бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл.
"Тыйым тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын және бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты қолданылатынын атап өтеміз", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұл шектеу ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де киюге рұқсат бар.