Әдемі автонөмірлерді сатуға және сыйға тартуға тыйым салынды | Qazaq24.com
Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстанда кең сұранысқа ие «әдемі» мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне қатысты бірқатар шектеу енгізілді.
Енді жүргізушілер өздері таңдаған нөмірді бөгде адамдарға сыйға тартуға немесе сатып жіберуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мәліметінше, арнайы таңдалған мемлекеттік нөмірді тек жақын туыстарына – ата-анасына, баласына немесе заңды некедегі жұбайының атына ғана рәсімдеуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, автокөлік болмаған жағдайда да «әдемі» нөмірге алдын ала өтінім беруге мүмкіндік бар.
Мұндай нөмірлерді сақтау мерзімі шектелмейді. «Таңдап алынған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін пайдалану тек оның иесіне ғана рұқсат етіле
Сонымен бірге заңнамада нөмірді белгіленген тәртіппен иесінің жақын туыстарына беру мүмкіндігі көзделген.
Ал несиеге алынған көліктерге нөмір рәсімдеу кезінде көлік иесі кепіл ұстаушы банктің тіркеу куәлігін немесе мемлекеттік нөмірді ауыстыруға рұқсат беретін құжатты ұсынуы қажет», – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Читать полностью
Читать новость