7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанда көлік нөмірін өз қалауымен таңдау жобасы мемлекет қазынасына қомақты кіріс түсірді.
Бір айдың ішінде «әдемі» нөмірлерден бюджетке шамамен 5,9 млрд теңге түскен. Бұл туралы ішкі істер органдарының дерегіне сүйенген Информбюро31 хабарлады.
Мәліметке сәйкес, алғашқы айда 144 мыңнан астам өтініш қабылданған. Соның ішінде 137 мыңнан астам жүргізуші таңдаулы нөмір алған. Бір нөмірдің құны 10 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни шамамен 43 мың теңге.
Жоба іске қосылған кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында әдемі нөмір алу үшін кезек көбейіп, сұраныс артқан еді. Кейін жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін нөмірге өтініш беруді мобильді қосымша арқылы рәсімдеу мүмкіндігі енгізілді.