Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Халық Кеңесі туралы конституциялық заң жобасын таныстырды.
Оның айтуынша, жаңа орган қоғам мен мемлекет арасындағы жалпыұлттық диалогты тұрақты тетікке айналдыруға бағытталады. Заң жобасында Кеңестің құқықтық мәртебесі, мақсаттары мен қағидаттары, өкілеттіктері мен ішкі құрылымы бекітіледі.
Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің тең дәрежедегі өкілдері кіріп, барлығы 42 мүшеден жасақталмақ.
Өкілеттік мерзімі төрт жыл болып белгіленеді, ал төраға Президенттің ұсынысы немесе Кеңес мүшелерінің үштен бірінің бастамасы бойынша сайланады. Бір адам екі реттен артық төраға бола алмайды.
Кеңестің өкілеттіктеріне заңнамалық бастама жасау, референдум өткізу жөнінде ұсыныс енгізу, қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру және қоғамдық бақылауға қатысу кіреді. Сонымен қатар, оған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін ұйымдастыру функциясы жүктеледі. Заң жобасы қабылданған жағдайда «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңның күші жойылады.
Бүгін, 12:16