Әділет министрі жаңа партияларды тіркеуге қатысты пікір айтты

04.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер алдағы референдум қарсаңында тіркелуге өтінім берген жаңа партиялар туралы сұрады.

- Саяси партияларға тоқталсақ, қазіргі кезде елде жетеуі тіркелген. Ал тіркеуге өтінім берген басқа партиялар жоқ, - деді Ерлан Сәрсембаев.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданған жағдайда, Ата заңның нақты қашан күшіне енетіні анық жазылған.

Нақтырақ айтқанда, республикалық басылымдарда жарияланған жаңа Конституция жобасының 95-бабында 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтататыны жазылған.

Ал Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялайды және ол екі ай ішінде өткізіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью