Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
– Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы ғана емес, әрбір азаматқа арналған қоғамдық келісім құжаты екенін атап өткім келеді. Сондықтан оның түсінікті тілде жазылғаны маңызды. Конституцияның мәтіні заңи айқын, мазмұн тереңдігіне нұқсан келтірмей, барынша түсінікті әрі қолжетімді тілде жазылуы тиіс. Тұжырымдардың қиындығы мен тым күрделенуі олардың қабылдануын қиындатып, Негізгі заң мен қоғам арасындағы байланысты бәсеңдетеді. Конституциялық ережелер айқын, қисынды және стилистикалық тұрғыдан дұрыс болуы тиіс. Конституция тілінің түсінікті болуы тікелей Конституцияның үстемдігі қағидатын іске асырумен байланысты. Азамат негізгі заңның мазмұнын түсініп, онда бекітілген құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді саналы түрде ұғынуы тиіс, сонда ғана оны қадірлеп, сақтайтын болады, - деді министр.
Осы ретте ол өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Алатау қаласына озық даму қаласы мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойғанын атап өтті. Алдағы уақытта мұндай мәртебені жеке конституциялық заңмен бекіту көзделіп отыр.
Министр Ата заңымызға жекелеген аумақтарға арнайы мәртебе беру мүмкіндігін бекіту қажет деп санайтынын баса атап өтті.
– Мұндай мәртебе басқару мен құқықтық реттеудің ерекше шарттарын көздеуі тиіс және ол негізделген әрі уақтылы қабылданатын шешім болуы қажет. Бұл, өз кезегінде, құқық қолдану практикасының тұрақтылығын, қабылданатын шешімдердің институционалдық орнықтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Арнайы аумақтық режимдердің қалыптасуы мемлекеттік құрылымның негіздерін және жария билік жүйесін қозғайтынын ескеру қажет. Бұл орайда Конституциялық заң қабылдау арқылы жекелеген аумақтарға арнайы мәртебе беру мүмкіндігі туралы норманы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізуді ұсынамын, - деді Ерлан Сәрсембаев.
Бұған дейін вице-президентке қойылатын талаптардың үлгісі жарияланғанын жазған едік.