Әділет министрлігі Ата заң күнін атап өту датасы қай жағдайда өзгеретінін түсіндірді

04.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаңа Ата заң жобасында республикалық референдумда (15 наурыз) Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жариялануы мүмкін екені аталып өткен. Бұл норма жаңа Конституция жобасының 94-бабында жазылған.

- Халық Ата заңның жаңа редакциясын қолдап дауыс берсе, онда 15 наурыз Конституция күні болады. Осыдан кейін бұған дейінгі дата – 30 тамыздағы мерекенің күші жойылады. Сондықтан 15 наурыздағы халықтың шешіміне қарай келесі қадамдар жасалады, - деді Е. Сәрсембаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Жақында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конституция күнінің өзгеруіне қатысты пікір айтты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью