Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Жаңадан құрылған ӘDILET партиясы ай сайынғы жарнаны бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі съезд қаулысына сәйкес, жұмыс істейтін азаматтар үшін ай сайынғы жарнаның көлемі 0,1 АЕК (2026 жылда - 432,5 теңге) құрайды. Ал студенттердің жарнасы 0,01 АЕК (2026 жылда - 43,2 теңге) болады. Бірақ партия мүшесінің қалауы бойынша одан да көп төлеуге болады.
Жарнадан босатылатын санаттар да бар. Олар:
зейнеткерлер;
мүгедектігі бар азаматтар;
жұмыссыздар;
бала күтіміне байланысты демалысқа шыққандар;
мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері.
Айта кетері, ӘDILET партиясының алғашқы съезі 7 мамырда өткен болатын. Ал 1 маусымда жаңадан құрылған саяси ұйым әділет министрлігінде тіркелді.
Партия өз құрамына AMANAT партиясын қосып алды. Оған президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы жетекшілік етеді.