Әділет партиясы облыстық филиалдарының басшылық құрамын толық жасақтады

02.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Әділет» партиясы облыстық филиалдарының басшылық құрамын толықтай жасақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстанның барлық өңірінде өткен конференциялардың қорытындысы бойынша,  филиал төрағалары, Саяси кеңестердің мүшелері және Тексеру комиссияларының құрамы сайланды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар қатысушылар партияның өңірлік филиалдарының басшылық органдарын жасақтау мәселесін талқылады. Дауыс беру нәтижесінде партияның барлық өңірлік филиалдарының басшылық құрамы толық бекітілді.

Облыстық филиалдардың төрағалары:

Алматы облысы – Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы

Қарағанды облысы – Алтынбеков Бекзат Құмарұлы

Жетісу облысы – Есбай Амангелді Ғабдылкәрімұлы

Ұлытау облысы – Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы

Ақмола облысы – Беспалинов Берген Маратұлы

Ақтөбе облысы – Данағұлов Ербол Жеткергенұлы

Атырау облысы – Қонарбай Болат Қайроллаұлы

Шығыс Қазақстан облысы – Мекеева Жанат Жұмағазықызы

Жамбыл облысы – Қаипов Дәурен Айтасұлы

Батыс Қазақстан облысы – Бектұрған Бауржан Оңталапұлы

Қостанай облысы – Аққужина Бибігүл Бүркітқызы

Абай облысы – Ибраев Айдар Маратұлы

Түркістан облысы – Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы

Қызылорда облысы – Базартай Жандос Нұртайұлы

Маңғыстау облысы – Шағырбаев Имаммахмұт Мұхитұлы

Павлодар облысы – Туғанбай Асылбек Туғанбайұлы

Солтүстік Қазақстан облысы – Төренова Қалия Батталқызы

Астана қаласы – Қыстаубаев Мағжан Геройханұлы

Алматы қаласы – Канкуров Станислав Владимирович

Шымкент қаласы – Жолдықожаев Мұрат Жаңабайұлы Саяси кеңестердің құрамына 808 адам енді.

Олардың қатарында шағын және орта бизнес өкілдері – 22,8%, білім және ғылым саласының мамандары – 13%, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ өкілдері – 10,2%, мәдениет және спорт саласының өкілдері – 8,9%, өнеркәсіп саласының мамандары – 7,5%, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының өкілдері – 6,7%, денсаулық сақтау қызметкерлері – 5,6%, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – 5,4%.

Тексеру комиссияларының құрамына 100 адам сайланды.  Олардың басым бөлігі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және құқық салаларында тәжірибесі бар мамандар. Осылайша, «Әділет» партиясының өңірлік филиалдарын құруды ұйымдастыру кезеңі толық аяқталды. Енді филиалдар өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партия бастамаларын іске асыруға және жергілікті бөлімшелердің қызметін дамытуға кіріседі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью