Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

30.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

 DAEWOO BUS KAZAKHSTAN еңбек ұжымымен кездесуде «Әділет» партиясының өкілдері өндірісті дамыту, еңбек адамының құқығын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету экономиканың ғана емес, әрбір отбасының әл-ауқатына тікелей әсер ететін басты басымдық екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері  DAEWOO BUS KAZAKHSTAN  ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек қауіпсіздігі және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды. «Әділет» партиясынан Құрылтайға кандидат Айрат Базенов өндірісті дамыту – елдің ұзақмерзімді экономикалық тұрақтылығының негізі екенін атап өтті.

«Экономикалық патриотизм – партиямыздың басты ұстанымдарының бірі. Ішкі өндірісті қолдау, отандық кәсіпорындардың әлеуетін күшейту және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы біз ел экономикасының тұрақты дамуына жол ашамыз. Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады, жастарға мүмкіндік көбейеді, өңірлердің әлеуеті артады. Біз үшін өндіріс орындарының табысты жұмыс істеуі ғана емес, сол жерде еңбек ететін әр адамның қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғалуы және ертеңгі күнге сенімі маңызды», – деді Айрат Базенов. 

Облыстық сайлауалды штабтың мүшесі Сьезбек Ахметов өндірістің дамуы халықтың әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екенін айтса, Шалқар Байбеков білікті кадр даярлау мәселесіне ерекше тоқталды.

Ал Наталья Перцева еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

«Кез келген кәсіпорынның басты құндылығы – адам. Қызметкерлердің қауіпсіздігі, құқықтарының сақталуы және әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етілгенде ғана өндіріс те тұрақты дамиды, өнім сапасы мен еңбек өнімділігі де артады», – деді штаб мүшесі Наталья Перцева.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью