Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Іс-шараға «Әділет» партиясынан кандидат Екатерина Смышляева қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды. Кездесу барысында ауылдық аумақтарды орнықты дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесудің тәжірибелік бөлігінде қаржылық сауаттылық тақырыбы қозғалды. Сарапшылар Асылхан Дәурен мен Анель Алдабергенова отбасы бюджетін тиімді жоспарлау, қаржылық қауіпсіздік және мемлекеттік қолдау құралдарын ұтымды пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бағдарламаның келесі бөлімінде ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі сарапшылар Айгүл Бералиева мен Ғабдылқадым Мағзұмов ауыл тұрғындарының табысын арттыру, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және «Ауыл аманаты» жобасына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.
Мобильді кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, тәжірибелік білім беруге және сараптамалық қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл «Әділет» партиясының өңірлерді дамытуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және әрбір азаматқа тең мүмкіндік жасауға негізделген сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына толық сәйкес келеді.