Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "Әділет" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы жаңа саяси ұйымның Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әділеттің" бүгінгі съезінде партия құрамына AMANAT-ты қабылдауға шешім қабылданды. Жаңадан құрылған саяси ұйымның өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына да қатысуға мүдделі.
"Осындай жан-жақты қолдауға ие болып жатқан күштің алдына қойған мақсатына да ешқандай шектеу болмауы қажет. Біз барынша орын алуға тырысамыз", - деді Кенжеханұлы съезден кейінгі брифингте.
Айта кетері, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конститутциясы күшіне енеді. Оған сәйкес, бір палаталы парламент - Құрылтай болады. Сондай-ақ, заңдарға бастамашы бола алатын Халық кеңесі құрылады.