Әділет партиясы жастарға сенім артып отыр Ролан Ыбраимов

10.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тәуелсіздік сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі басталды. Барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қатысып жатыр. 

Абай облысынан келген делегат Ролан Ыбраимовтың айтуынша, партия құрамында жастар өте белсенді жұмыс істеп жатыр. 

«Астанаға Абай облысынан елдің сенімін арқалап съез делегациясы құрамында келіп отырмын. Қазіргі кезде ерекше айтып өтетін жайт, партия құрамында жастар көп. Әйел азаматтар да белсенді атсалысып. Жастарға сенім артып жатқанына өте қуаныштымын. Ереңгі күні мемлекеттің тізгінін ұстайтындар да жастар. Жастарға жол көрсету біздің буынның міндеті. Ең басты қағидамыз – мықты өңірден мықты мемлекет қалыптастыруға атсалысамыз», – деді партия мүшесі Ролан Ыбраимов.

Айта кетейік, бұған дейін  «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезі өтіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью