Әділет партиясына өтінімді онлайн форматта беруге болады

01.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: ашық дереккөз

Ел тұрғындары небәрі бірнеше минут ішінде онлайн форматта партияға жүгіну, бастама ұсыну, қандай да бір мәселе туралы хабарлау немесе партия қатарына қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Жаңа сервис қоғамдық қабылдаулармен, жеке қабылдаулармен және жазбаша өтініштермен қатар, азаматтармен өзара байланыс орнатудың қосымша арнасына айналады. Оған партияның ресми сайты немесе бірыңғай QR-код арқылы өтуге болады.

Қазақстанның әрбір азаматы бірыңғай QR-код арқылы:

партияның саяси бағдарламасымен таныса алады; партия қатарына онлайн түрде қосыла алады; өтініш жолдай алады; бастама ұсына алады; заңбұзушылық туралы хабарлай алады; жәрдем сұрап жүгіне алады.

«Әділет» партиясының мәліметінше, пайдаланушыларға қолайлы болуы үшін өтінімдер 26 бағыттан тұратын бірыңғай тақырыптық рубрикатор бойынша жүйеленді. Бұл бағыттар ел өмірінің барлық негізгі салаларын қамтиды. Яғни, мемлекеттік басқару, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, экономика, кәсіпкерлік, ТКШ, көлік, экология, ауыл шаруашылығы, азаматтардың құқықтары және тағы басқа.

Тоқаев: «AMANAT» пен «ӘДІЛЕТ»-тің күш біріктіруі реформаларға жаңа серпін береді

Партия Төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, аталған платформаның іске қосылуы еліміздің цифрлық трансформацияға бағытталған стратегиялық бағдарына толық сәйкес келеді.

«Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан заманауи тәсілдерді, жедел шешім қабылдауды және мемлекеттік институттарды тұрақты жаңғыртуды талап ететін жаңа даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Сондай-ақ Президент цифрландыру мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында бұрынғыдан да жылдам әрі тиімді жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударды», деді Айбек Дәдебай.

Өтінім беру барысы барынша жеңілдетілген және оған небәрі бірнеше минут уақыт қажет. Ол үшін QR-код арқылы өту немесе партияның ресми сайтына кіру, қажетті сервисті таңдау, eGov Mobile қосымшасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, жеке басын растау және өтінім жолдау жеткілікті.

«Өтінім жолданған соң, автоматты түрде бірегей тіркеу нөмірі беріледі. Жолданған өтінім қаралғаннан кейін, оның иесі көрсетілген байланыс деректері бойынша ресми жауап алады», делінген партияның хабарламасында.

Цифрлық сервистің іске қосылуы азаматтармен, бизнес өкілдерімен және сарапшылар қоғамдастығымен тұрақты кері байланыс орнатуға, келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды жедел қабылдауға, жүйелі мәселелерді анықтауға және заңнамалық әрі басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде азаматтардың бастамаларын ескеруге мүмкіндік береді. Бұл қадам азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, партиямен байланысын барынша ыңғайлы, жедел әрі қолжетімді етеді.

Еске салайық, бұған дейін «Әділет» партиясының филиалдары барлық өңірде құрылатыны туралы хабарлаған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью