Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Бұл ресурстар арқылы партиялық билеттер беру, партия мүшелерін тіркеу және партияның қызметіне қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр.
«Аталған аккаунттардың «Әділет» партиясына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми мәлімдейміз. Олар арқылы таратылатын кез келген ақпарат шындыққа жанаспайды. Партияның тек ресми ақпарат көздеріне сену керегін еске саламыз», делінген партияның Телеграм-каналында.
«Әділет» партиясы «AMANAT» мүшелерінің қосылуын маңызды қадам деп бағалады
Ресми парақшада партияның сайты, Телеграм және Instagram желісіндегі аккаунттары белгіленді. Сонымен қатар партияның атауын заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратып, азаматтарды жаңылыстырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертті.
«Анықталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Азаматтардан жеке деректерін бейтаныс адамдарға бермеуді және «Әділет» партиясының ресми байланыс арналарына ғана жүгінуді өтінеміз», делінген хабарламада.