Әділет партиясының бақылуымен Астанадағы мектеп жаңартылды

23.10.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астана қаласындағы №23 орта мектептің күрделі жөндеуден өтіп, заманауи стандарттарға сай толықтай жаңартылып, оқушылар мен ұстаздар қауымына есігін айқара ашты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

 Білім ордасы бүгінгі заман талабына сай жаңа оқу кабинеттерімен, спорт және акт залдарымен толықты. Нәтижесінде білім ошағында балалардың сапалы білім алуына барлық қолайлы жағдайды жасалды.

Негізі мектептің ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу жұмысы екі айда біткен.

– Мектептің күрделі жөндеу жұмысы өте қысқа мерзімде, яғни 1 шілдеде басталып, 1 қыркүйекте аяқталған болатын. Мердігер  «Астана сервис+» компаниясы ғимараттың жапсарлыс құрылысына күрделі жөндеуден өткізілді. Соның ішінде оқу ғимараты, кітапхана мен асхана жандандырылды, – деді Астана қаласындағы №23 орта мектептің директоры Қайдар Ерғалиев.

Оның айтуынша, жапсарлас құрылыста 5 сыныптан 11 сынып оқушылары оқиды. Онда барлығы – 773 оқушы.

– Техникасы бұрынғысы қалды. Жапсарлас ғимараттың іші жаңғыртылып, толық косметикалық жөндеуден өтті. Бұрынғы техникасы қалғанымен, бүкіл есік-терезелері ауыстырылды, –  деді ол.

Білім ордасының құрылысына қалалық мәслихаттан 232 миллион теңге бөлінген болатын. Мектептегі жөндеу жұмысының барысы «Әділет» партиясының тұрақты бақылауында болғанын атап өткен жөн. Өйткені  оқушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру – партияның қоғамдық бақылауындағы басты басымдықтардың бірі. Сондықтан партияның бақылау комитетінің мүшелері әрдайым нысанның басына барып, мониторинг жүргізіп, жөндеу жұмысын бағалап, кем-кетігін ескертіп, мердігер мен нысан әкімшілігі арасында туындаған мәселелерді шешуге тырысып,  нысанның сапалы әрі уақытылы аяқталуына атсалысты.

Сонымен қатар, бұл мәселе бұған дейін партияның қоғамдық қабылдауында көтеріліп, қала тұрғындарынан мектептің жөндеу қажеттігі туралы өтініші түскен болатын.  

Бүгінде жаңартылған №23 мектеп елорданың білім беру инфрақұрылымын дамытуға, оқушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылық және спорттық қабілеттерін шыңдауға зор мүмкіндік беріп отыр. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью