Әділет партиясының негізгі жұмысы жастарға бағытталған Шерзод Полатов

10.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

"Әділет" партиясының саяси кеңесінің мүшесі, Астана қаласындағы "Өзбек" этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Болатов бүгінгі басқосудың елге берер маңызы жайлы сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның айтуынша, бүгінгі  "Әділет" партиясының кезектен тыс өтіп жатқан жиыны ертеңгі тарихы.

– Бүгінгі "Әділет" партиясының  кезектен тыс үшінші съезі, біз үшін тарихи жүздесу. Бұл басқосудың мақсаты – партиямыздың ары қарайғы жұмысын ғана емес бағыт-бағдарын талқылап, елдің игілігі мен мемлекеттің тұтастығын бекіте түсуіне ықпал ететін шешімдерді қабылдау. Еліміз жаңа кезеңге өтті. 

Бүгінгі отырыста талқыланған елеулі мәселелерді қозғап, әділетті шешімін табу – біздің міндет. Әсіресе. партияның ұстанған бағыттары жаңа Конституцияны іске асыру болып табылады. Өйткені "Әділет" партиясы әрбір адамның мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, сол мәселелерді үлкен алаңдар талқылап, қозғау салып, шешімін табуды қолға алып отыр.

Партиямыздың негізгі жұмысы жастарға бағытталғанын байқауға болады. Әсіресе. партияның ұстанған бағыттары жаңа Конституцияны іске асыру және ертеңгі әділетті ел болуына бірден бір негізі. Сондықтан біздің басты міндет – Әділетті Қазақстан құндылықтарын қорғау және қоғамдағы әділдік қағидаларын нығайту. Яғни бұл әділеттілікті орнатуға және әрбір адамға әділеттілікті жеткізу керегін көрсетеді. Осындай бағытпен біз жақсылыққа жетеміз, – деді ол. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью