Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Әділетханға қатысты сот ісінде күтпеген өзгеріс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бүгін іс бойынша сот үкімі шығарылады деп күтілгенімен, процесс аяқталмады. Мемлекеттік айыптаушы сотта жаңа айыптау актісін оқып, күдіктіге тағылған айып Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігіне ауыстырылды.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай сот залынан хабарлады. Оның айтуынша, кеше қаралған істі ауырлататын 54-бап бүгін алынып тасталған. Алайда жаңа айып күдіктінің жағдайын жеңілдетпейді. Енді прокурор бұрын сұралған үш жылдың орнына бес жылға дейін жаза талап етуі мүмкін.
Аталған бап бойынша айыпталушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе бас бостандығын шектеу жазасына кесілуі ықтимал.
Бүгін сот нақты шешім шығарған жоқ. Істі қарау кейінге қалдырылып, келесі сот отырысы 9 шілдеге белгіленді.